Мұндай жол алаяқтарға, проблемаларға әкеліп соқпайды ма?
Жылжымайтын мүлік агенттігі zher.kz басшысы Орынбасар Тәжібайұлы мырзамен сұхбат: «Көптеген адамдар риэлторлық агенттіктерге хабарласпайды, өз еріктерімен жылжымайтын мүліктерін сатуға-алуға тырысады. Көбінің түсінігі риэлторлық қызметтен үнем көрсем дейді. Мұндай жол өзін-өзі ақтайды ма? Мұндай жол алаяқтарға, проблемаларға әкеліп соқпайды ма? Бұл сұрақтан сұрақ туындайды, риэлтор қызметін шынымен үнемдеуге тұра ма? Мысалы, егер, Сіз тісіңіз ауырса екі күн ішінде тіс емдеу саласын меңгеріп өз-өзіңізді емдей алмайсыз немесе екі сағат Джеки Чан киносын көріп каратист боламын деуге дұрыс емес....